03.12.2008, 17:47 4533

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық жоспары таныстырылды

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық жоспары таныстырылды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа ҚР президенті әкімшілігінің, ҚР премьер-министрі кеңсесінің, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың басшылары, парламент депутаттары, облыстық және қалалық білім беру департаменттерінің директорлары қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәжіліске қатысушыларды өзі басқарып отырған салада жүргізілген реформалармен, білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық жоспарымен таныстырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жұмысының маңызды бағыты корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есеп беру принциптеріне негізделген білім және ғылым жүйесін мемлекеттік басқарудың жаңа сапалы моделін жасау болып табылады. Басқарудың жаңа моделі стратегиялық мақсаттарға жетуге бағдарланған және белгілі бір индикаторлармен көрсетілген соңғы нәтижелерге жетуді болжайды.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспар мен 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы әзірленді.

Атап айтқанда, Стратегиялық жоспардың негізгі бағыттары сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету; экономика және әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; балалар мен жастардың дамуына, оларды елдегі әлеуметтік-экономикалық процестерге тартуға жағдай жасау; білім және ғылым жүйесін басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұлар болашақ дамыту санатына жатады. Ал күнделікті кездесіп жататын проблемаларды шешу үшін Білім және ғылым саласында реформалар жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Жоспарда реформалаудың Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерін құру; Білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуетін күшейту және т.б көптеген маңызды бағыттар қарастырылған.

Алқа мәжілісіне қатысушылар білім беруді дамыту тенденциялары мен жағдайын аймақаралық және халықаралық аспектіде салыстырмалы түрде қарастырды. Бұл бағытта қалыптасып отырған қазіргі жағдайды ҚР БҒМ "Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы" РМҚК директоры Базар Дамитов баяндады.

Кеңейтілген алқа отырысы шеңберінде "ЖОО-дағы тәрбие жұмысы мен әлеуметтік бағдарламалар жөнінде", "Жоғары білім саласындағы интеграциялық процестер", "Кадр даярлаудағы жаңа міндеттер", "Орта білім беру саласындағы өзекті мәселелер", "Балалар құқықтарын қорғау департаменттерінің 2008 жылғы қызметінің қорытындысы мен 2009 жылғы міндеттемелері", т.б. тақырыптар бойынша жұмыс мәжілісі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны