21.04.2016, 12:30 3975

Бір қап бекіре

Барлығы 11 дана болатын бекіреніӊ салмағы 29кг жетті

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары Орал-Каспий арнасыныӊ бойында орналасқан Жұмыскер аулыныӊ маӊайынан жасырулы тұрған бір қап балықты анықтады. Қызметтік иттіӊ көмегімен табылған қаптыӊ ішіндегі балық бекіре болып шықты. Барлығы 11 дана болатын бекіреніӊ салмағы 29кг жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Балықтар Дамба аулындағы бекіре зауытына тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны