06.02.2015, 23:06 4342

Бір оқ - бір нысана

Алматы облысы Жаркент қаласыныӊ маӊындағы Аэроұтқыр әскерлер мотоатқыштар бөлімініӊ базасында қазақстандық мергендермен қатар Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерініӊ алты мергені де жиынды аяқтады.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысы Жаркент қаласыныӊ маӊындағы Аэроұтқыр әскерлер мотоатқыштар бөлімініӊ базасында қазақстандық мергендермен қатар Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерініӊ алты мергені де жиынды аяқтады. Бұл ҰҚШҰ шеӊберінде өткізілген оқу-жаттығулар барысында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес өтіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынға Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері десанттық-шабуылдау, мотоатқыштар бригадаларынан және барлау бөлімшелерінен барлығы 170-тен астам мерген қатысты. Бұдан бұрын мергендерді дайындау әскери бөлімдерде өткізіліп келген болатын. Бұл жолы тұӊғыш рет Аэроұтқыр әскерлерініӊ барлық мергендері бір бөлімніӊ аумағына оқшау жиналып білімі мен біліктілігін аттырды, кәсіби дағдысы мен тәжірибесін жетілдірді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Үш апта бойғы жиынға қатысқан әскери қызметшілер кәсіпқой сержанттардан құралған тәжірибелі нұсқаушылардыӊ жетекшілігімен далалық жағдайда мергендік өнердіӊ қыр-сырын меӊгерді. Мергендермен тактикалық, таулық, инженерлік даярлықтар мен атыс даярлығынан сабақтар өткізілді. Тау мен далада, күндіз және түнгі жағдайда мергендер таныс емес жерде бағдар табуға жаттығып, қарулардыӊ тактика-техникалық сипаттамаларын зерделеді, барлау даярлығынан өтті.

- Мергендер барлық жағынан кәсіби болуы тиіс. Негізгі күштерден алыс жерде дұрыс іс-қиыл жасауға шешім қабылдай білу, "бір атылған оқ - бір жойылған нысана" принципі бойынша жұмыс істеу олардыӊ негізгі қағидасы, - дейді жиын басшысы, Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасыныӊ аға офицері подполковник Жанарбек Слямов.

- Сондықтан да Қазақстан Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы мен Аэроұтқыр әскерлердіӊ қолбасшысы мергердер даярлығына үлкен көӊіл бөліп отыр.

Жиын соӊында сертификаттар табыс етіліп, оныӊ аяқталғанын білдірді. Сертификаттарға қазақстандық мергендермен қатар қырғызстандық әріптестер де ие болды. Елдеріне оралған соӊ олар өз армиясында қазақтандық дәстүрге сәйкес жиындар өткізіп, көрген-білгендерін үйрететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны