25.09.2007, 16:01 3170

Бір үй - бір кондоминиум болатын жағдайға жету керек - Кәрім Мәсімов

Бір үй - бір кондоминиум болатын жағдайға жету керек - Кәрім Мәсімов

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жөніндегі ұсыныстарын қолдайды.

"Мен бүгін ортаға салынған ұсыныстарды қолдаймын. Біз бір үй - бір кондоминиум болатын жағдайға жетуіміз керек", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов талқылау қорытындысын шығара келе. "Заңнамалық база бізде бар, ендігі жерде оны міндеттілік сипатына көшіру керек", деді ол.

Премьер-министр "іс жүзінде біреу үшін біреу ақша төлегісі келмейтінін, бір үйдің тұрғындары екінші үйдің тұрғындары үшін ақша шығарғысы келмейтінін" атап өтті. Үкімет басшысы "бұл схемада кондоминиумның ағымдағы және жинақ деген екі есепшоты болуы қажет", деді . "Заңнамалық деңгейде қарастырып, кондоминиум тұрғындарының төлемдері екі мақсатқа, біріншісі ағымдағы проблемаларды шешуге, екіншісі жинақтала келе күрделірек мәселелерді шешуге жұмсалатындай жағдай тудыру керек", - деді Кәрім Мәсімов. Осы ретте үкімет басшысы қаржының мақсатты пайдаланылуына, қаржылық процедуралардың ашықтығына қатысты мәселелерді де заңнамалық тұрғыда реттеу қажеттігіне назар аударды.

Бұған қоса премьер-министр "әкімдерге тұрғын үйлердің техникалық ахуалына мұқият тексеру жүргізуді" тапсырды. "Біз біртұтас ахуалды білмейміз. Не істеу керектігін жақсылап ойластыруымыз қажет. Мүмкін, кейбір үйлерді жөндеудің орнына, азаматтарын басқа жаққа көшіру тиімдірек керек шығар, соны анықтау қажет", -деді Кәрім Мәсімов, осы орайда "қаржыландыру көздерін нақты айқындап алу" қажеттігіне тоқтала келе.

Премьер-министр "инвестиция тарту, соның ішінде жеке меншік инвестицияны тарту мүмкіндігін де естен шығармау, немесе , басқа да қаржы көздерін іздеп табу" қажеттігіне нұсқады.

"Индустрия және сауда министрлігіне әкімшіліктердің тексеру нәтижелерінің негізінде тұрғындарын көшіру негізінде салынатын баспана көлемін айқындауды және осы жөніндегі ұсынысты үкіметке енгізуді міндеттеймін", - деп мәлімдеді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны