04.07.2018, 14:46 3532

Бір жылда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теӊгеге жуық қаржы түсті

Оныӊ 72,1 млрд теӊгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердіӊ қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теӊге (10,5% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Маусым айында Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теӊгеден астам жарна аударылды.

Жалпы, жүйе іске қосылғалы бері бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд теӊгеден асып жығылды.

Оныӊ 72,1 млрд теӊгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердіӊ қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теӊге (10,5% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заӊ бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеӊберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны