29.05.2017, 16:35 4772

Біріккен Ұлттар Ұйымы ЭКСПО-2017 "Болашақ Энергиясы" Халықаралық павильонында өзініӊ алаӊын ашады

Біріккен Ұлттар Ұйымы ЭКСПО-2017 "Болашақ Энергиясы" Халықаралық павильонында өзініӊ алаӊын ашады

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Біріккен Ұлттар Ұйымы ЭКСПО-2017 "Болашақ Энергиясы" Халықаралық павильонында БҰҰ алаӊыныӊ салтанатты ашылуын өткізгелі отыр.

ЭКСПО әлемдегі тұрақты энергетика саласыныӊ қандай деӊгейде екендігін, сондай-ақ оны бірлесе отырып қалай ілгері жылжытуға болатындығын бағалау мақсатында әлемніӊ көшбасшыларын біріктіреді.

БҰҰ-ныӊ таза әрі қолжетімді энергияны бүкіл әлем бойынша ілгері жылжыту саласында 70 жылдан астам тәжірибесі бар. Көрмеде БҰҰ-ныӊ аймақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жұмысыныӊ нәтижесін көрсететін қондырғыларды көруге болады.

ЭКСПО көрмесіне БҰҰ-ныӊ тоғыз агенттігі, атап айтқанда БҰҰДБ, ЮНЕП, БҰҰ ЭСКАТО, ЮНЕСКО, БЖКБ, ЮНИДО, ЮНИСЕФ, МАГАТЭ және БҰҰ Ийелдер агенттіктері қатысады.

2016 жылдыӊ қараша айында БҰҰ-ныӊ Бас хатшысы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі БҰҰ Бас комиссары қызметіне Джихан Султаноглуды тағайындады. Осы қызметте Султаноглу ханым көрмеге қатысатын БҰҰ-ныӊ тоғыз агенттігініӊ барлығына өкілдік ететін болады.

Султаноглу ханым БҰҰ-ныӊ Бас хатшысыныӊ көмекшісі, БҰҰ Даму Бағдарламасы Икімшісініӊ көмекшісі және БҰҰДБ Еуропа мен ТМД елдері бойынша Аймақтық Бюро Директоры болып табылады. Бұған дейін Султаноглу ханым БҰҰДБ-ныӊ қызметкерлер құрамымен жұмыс істеу жөніндегі директоры, сондай-ақ Аймақтық Бюро Директорыныӊ орынбасары (2007-2010 жж.), Белоруссиядағы (2004-2007 жж.) және Литвадағы (2000-2005 жж.) БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ Тұрақты өкілі лауазымдарында қызмет етті.

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын тоғыз агенттік:

o БҰҰДБ - БҰҰ Даму Бағдарламасы

o ЮНЕП - Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы

o ЭСКАТО - Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы

o ЮНЕСКО - Білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ мамандандырылған мекемесі

o БЖКБ - Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарыныӊ Басқармасы

o ЮНИДО - Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы

o ЮНИСЕФ - БҰҰ Балалар қоры

o МАГАТЭ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік

o БҰҰ - Ийелдер - Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Ийелдердіӊ гендерлік теӊдігі және олардыӊ құқықтары мен мүмкіндіктерін кеӊейту мәселелері жөніндегі құрылымы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны