09.02.2012, 10:11 5201

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі медицина ұйымдары арасында бәсекелі орта қалыптастырады

"2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп келеді. Сонымен қатар, ұлттық жүйе арқылы медицина ұйымын таңдау еркі, медицналық көмектің ашықтығы мен оның бағасын қалыптастыру және ең бастысы - ақшаның науқастың таңдауына байланысты болуы сынды қағидалар іс жүзінде көрініс табады. Осылайша, бәсекелі орта қалыптасып, медициналық көмектің сапасы артады", - деді Қанат Ермекбаев.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі медицина ұйымдары арасында бәсекелі орта қалыптастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі арқасында республикамыздың барлық өңірінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі, деп мәлім етті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер төлемі комитетінің төрағасы Қанат Ермекбаев Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп келеді. Сонымен қатар, ұлттық жүйе арқылы медицина ұйымын таңдау еркі, медицналық көмектің ашықтығы мен оның бағасын қалыптастыру және ең бастысы - ақшаның науқастың таңдауына байланысты болуы сынды қағидалар іс жүзінде көрініс табады. Осылайша, бәсекелі орта қалыптасып, медициналық көмектің сапасы артады", - деді Қанат Ермекбаев.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында онкологиялық ауруларды емдеуді дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

"Бүгінгі таңда онкологиялық көмек көрсету туралы бағдарлама әзірленуде. Бағдарламаны жүзеге асыру өз нәтижесін беріп, халықтың өмір сүру жасы ұзарады", - деп толықтырды Комитет төрағасы.

Жалпы 2011 жылы 700 мыңнан астам адам стационар таңдау құқығын пайдаланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны