24.01.2018, 14:44 4042

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры онлайн тәртібінде көрсетілетін қызметтерін кеӊейте түсуде

Қордыӊ ресми сайтында өткен жылы маусым айында іске қосылған көптеген сервистерді 2018 жылы Қазақстан Республикасыныӊ электрондық үкімет және Қордыӊ ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "БЖЗҚ" АҚ алдында тұрған маӊызды міндеттердіӊ бірі - тұрғындарға әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақылық қызмет көрсету. Қор зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әрбір азаматқа зейнетақы қызметіне теӊ қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал оған жету үшін тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ халыққа жыл сайынғы Жолдауында сандық технологияларды ендіру, инновациялық даму және қарқынды технологиялық жаӊғырудыӊ ел экономикасы үшін маӊызды екендігін атап өткен болатын.

"БЖЗҚ" АҚ көрсетілетін қызметтерді оӊтайландыру және жаӊғырту жолында салымшылар мен алушыларға жаӊа, заманауи қызметтерді ұсынады. Айта кету керек, бұл қызметтер уақыт шығындап Қорға келіп, қағаз құжаттарды толтырудан құтқарады.

БЖЗҚ 2017 жылдыӊ 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтыныӊ "Жеке кабинет" және "Электрондық қызмет көрсету" бөлімінде мынадай сервистерді іске қосты. Олар:

- міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;

- зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру;

- берілген өтініштердіӊ орындалу мәртебесін қадағалау.

Ескере кеткен жөн, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдар ғана жолдай алады.

Өткен жылдыӊ үшінші тоқсанынан бастап тағы да жаӊа сервистер іске қосылды. Оларды атап өтер болсақ, салымшыныӊ (алушыныӊ) жеке деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі бойынша хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнеткерлік жасқа толу немесе 1,2 топтардағы мүгедектіктіӊ мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтініш беру рәсімі бірнеше минутты ғана алады.

Осылайша, Қор онлайн тәртібінде салымшыныӊ жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеӊі барысында - жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған ілеспе қызмет көрсетеді. Осы электрондық қызметтер іске қосылған сәттен бастап алты ай ішінде көптеген салымшылар мен алушылар Қор кеӊселеріне келмей-ақ қашықтықтан барлық маӊызды операцияларды жүзеге асырды.

Атап көрсетер болсақ, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай салымшылар мен алушылар тарапынан жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде - 250, ал зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде - 48 электрондық өтініш келіп түскен. Сондай-ақ 1 181 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 500 салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ басты міндеттерініӊ бірі - сапалы консультативтік қызмет көрсету және Қордыӊ салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық байланыс арналарын дамыту.

БЖЗҚ филиалдық желісініӊ қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыӊнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 556 мыӊнан астам адам қатысты. "БЖЗҚ" АҚ филиалдары салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 6,3 миллионға жуық операцияны жүзеге асырған.

2017 жылдыӊ наурыз айынан бастап Қордыӊ сайтында "Төрайымныӊ блогы" арнасы жұмыс істей бастады. Сол арқылы тұтынушылар Қордыӊ Басқарма төрайымына тікелей сұрақ қоя алады.

Одан басқа, Қордыӊ байланыс орталығыныӊ 1418 телефон нөмірі, Қордыӊ корпоративтік сайтыныӊ "Кері байланыс", "Онлайн-чат" нысандары, сондай-ақ Қордыӊ әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.

Зейнетақы Қоры барлық салымшылар мен алушылар үшін ашық және қолжетімді. Қордыӊ орталық аппаратына өтініштер қағаз жүзінде де келіп түседі. Сонымен қатар "Пікірлер мен ұсыныстар" кітабына пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға болады.

Қордыӊ ресми сайтында өткен жылы маусым айында іске қосылған көптеген сервистерді 2018 жылы Қазақстан Республикасыныӊ электрондық үкімет және Қордыӊ ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны