02.08.2018, 18:22 4375

Бірінші қыркүйектен бастап Алматыда бес жаӊа субұрқақ пайда болады

"Республика сарайыныӊ алаӊында үлкен субұрқақ болады, яғни екі субұрқақ қайта жаӊғыртылып, ортасына бір үлкен субұрқақ орнатылады. Неге десеӊіз, ол жердегі алаӊныӊ аумағы өте кеӊ", - деп түсіндіріп өтті Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алмасхан Ахмеджанов.

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- Алматыда жаӊа фонтандар салынып, көше жиһаздары мен қосымша шамдар орнатылады.

Бірінші қыркүйектен бастап Алматыда бес жаӊа субұрқақ пайда болады. Олардыӊ кейбірі қайта қалпына келтірілетін ескі фонтандар.

Сонымен қатар, жаӊа көше жиһаздары мен еден шамдары орнатылмақ. Биыл Достық, Абай, Абылай хан даӊғылындарынғы жаяу жүргіншілер жолағы жаӊа кейіпке енбек. Жөндеу жұмыстары жаз бойы қарқынды жүргізілді. Қазір мердігер мекеменіӊ құрылысшылары тастарды төсеп жатыр.

"Республика сарайыныӊ алаӊында үлкен субұрқақ болады, яғни екі субұрқақ қайта жаӊғыртылып, ортасына бір үлкен субұрқақ орнатылады. Неге десеӊіз, ол жердегі алаӊныӊ аумағы өте кеӊ", - деп түсіндіріп өтті Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алмасхан Ахмеджанов.

Абылай хан мен Шевченко көшелерініӊ қиылысына да жаӊа субұрқақ орнатылады. Бұл аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылады.

Сонымен қатар, "Алматы-2" теміржол вокзалы, Абылай хан даӊғылыныӊ Мәметова және Қабанбай батыр көшелерімен қиылыстарында да дәл сондай жұмыстар жүргізілмек.

Ал елімізде шығарылатын көше жиһаздары тамыз айыныӊ ортасында Алматы көшелеріне орнатыла бастайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны