30.06.2008, 18:17 7146

Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді

Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді

Душанбе. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жобалық қуаты 167,5 МВт және ай сайынғы қуат өндіруі 72 млн кВт-сағатты құрайтын бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты бүгін түнде пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Сангтуда-1 су электр станциясы" ААҚ бас директоры Рахметулла Альжановтың айтуынша, екінші агрегат алғашқы тогын жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1.50-де бере бастаған.

Ал ертең, 1 шілдеде, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкиннің қатысуымен екінші агрегаттың ресми іске қосылу рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны