Система Orphus

Бірінші тоқсанда 15 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырды

04.11.2021, 16:33 20857
Бірінші тоқсанда 15 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАРАША - Дәстүрлі форматта оқитын және мектептерге баратын қазақстандық оқушылар арасында коронавирус ауруының 15 028 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылар арасында 15 028 жағдай тіркелді, оның ішінде ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар арасында 1 317 науқас анықталды, бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7% дейінгіні құрайды. Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді.
 
Сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады. 
 

Ауру ошақтарында 159 мың ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталды, оның ішінде 0,8%-ында ковидтің оң нәтижесі анықталды. Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орын жүктемесі 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсек-орны жүктемесі 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар", — деді М. Шоранов. 

 
Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе азайды. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда. 
 

Вакцинаның 1-компонентін 8,3 млн астам адам алды, яғни екпе алуы тиіс халықтың 73,4%-ы немесе жалпы халықтың 44,3%-ы қамтылды, екінші компонентін 7,6 млн жуық адам алды, яғни егілуге тиісті халықтың 66,6%-ы немесе жалпы халықтың 40,2%-ы қамтылды", — деді М. Шоранов.

 
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11%-ға төмендеді.
 

Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр", — деді М. Шоранов.

 
Вице-министрдің айтуынша, жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе, ал өлім-жітім 4,1 есе азайды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны