31.07.2013, 17:42 7090

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер "Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Арал қаласында Бақытжан Сағынтаев 2009 жылы пайдалануға берілген Аралдың балық өнімдерін қайта өңдеу зауытында болды. Зауыттың барлық үй-жайлары Еуроодақ елдеріне балық өнімдерін жүзеге асыру үшін санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарына (НАССР) сәйкес салынған. Сонымен қатар, Аралда бірінші вице-премьер "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысын қарап шықты.

Бірінші вице-премьер Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде 660 бас ірі қара малдың сүтін өндіретін кешеннің және "РЗА" АҚ сүт өнімдерін өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Одан әрі Бақытжан Сағынтаев Ғани Мұратбаев ауылдық округінде болып, онда ауыл әкімдерінің сайлауға дайындық барысы жөніндегі ақпаратты тыңдады және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер ағымдағы жылғы 2 шілдеде "Байқоңыр" космодромынан шығарылған "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған аумақты қарап шықты.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев "Гагаринский старт" алаңында және "Байқоңыр" космодромының мұражай кешенінде болды. Қармақшы ауданында бірінші вице-премьер Төретам ауылындағы 100 адамның келуіне арналған аурухананың жаңа ғимаратын қарап шығады.

Байқоңыр қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған аймақтағы зардаптарды жою жөніндегі жұмыс комиссиясының қорытындылары бойынша кеңес өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны