02.05.2013, 15:29 5262

Бірінші вице-премьер Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралады

ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында бірінші вице-премьер "Өзенмұнайгаз" АҚ қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" тапсыру-қабылдап алу пункті (ТҚП) өндірістік базасының аумағына барып, осы кәсіпорынның қызметімен танысып, сонымен қатар жұмыскерлермен кездесті. Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Жаңаөзенге "Астрахань-Маңғышлак" су құбыры арқылы келетін Волжск суын тазартумен айналысатын қаланың су тазартқыш құрылғылары аумағын қарап шықты.

Жаңаөзен. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында бірінші вице-премьер "Өзенмұнайгаз" АҚ қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" тапсыру-қабылдап алу пункті (ТҚП) өндірістік базасының аумағына барып, осы кәсіпорынның қызметімен танысып, сонымен қатар жұмыскерлермен кездесті. Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Жаңаөзенге "Астрахань-Маңғышлак" су құбыры арқылы келетін Волжск суын тазартумен айналысатын қаланың су тазартқыш құрылғылары аумағын қарап шықты.

Одан басқа, бірінші вице-премьер қаланың кәсіпкерлік инкубаторы қызметімен танысты. Онда жаңа кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған кәсіпкерлерді жабдықталған жайларды жалға беру арқылы қолдаумен, сонымен қатар консультациялық, бухгалтерлік, заңды және басқа қызметтер көрсетумен айналысады. Кәсіпкерлік инкубаторында Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы моноқалаларын дамыту бағдарламасына енгізілген Жаңаөзен қаласында Бақытжан Сағынтаев Қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын және 2012-2014 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнайы жоспардың орындалуы бойынша ақпаратты тыңдады.

Ақтау қаласында бірінші вице-премьер "Қолжетімті тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан "Аққу" шағын ауданының, сонымен қатар, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп құрылысының барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев Мұнайлы ауданында Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабындағы № 6 орта мектепке барып, Мұнайлы ауданын дамыту туралы ақпаратты тыңдады. Одан кейін Бақытжан Сағынтаев жол битумын өндіруді көздеп отырған "Caspi Bitum" БК" ЖШС зауытының құрылысы барысын қарап шықты. Құрылып жатқан битум өндірісі жол битумы өндірісінде маманданатын бірінші кәсіпорын болып табылады. Жаңадан шығарылатын битум қайта жаңартылған автокөлік жолдарымен қатар жаңасын да пайдалануда шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін жоғары сапаға ие болатын болады.

Одан әрі бірінші вице-премьер Ақтаудың халықаралық теңіз сауда портының қызметімен танысты. Мұнда Бақытжан Сағынтаев "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын өңірде жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның ішінде Жаңаөзен қаласындағы апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу және Ақтау қаласында үлескерлердің қатысуымен құрылыс объектілері туралы, яғни өңірді сумен жабдықтауға байланысты мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны