29.03.2013, 16:02 3261

Бірінші вице-премьер жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Түске дейін бірінші вице-премьер Мағжан Жұмабаев ауданындағы бірқатар объектілерді қарап шықты. Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және сүт өнімі өндірісімен айналысатын "Нурсен Агро" ЖШС жұмысымен танысты.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Түске дейін бірінші вице-премьер Мағжан Жұмабаев ауданындағы бірқатар объектілерді қарап шықты. Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және сүт өнімі өндірісімен айналысатын "Нурсен Агро" ЖШС жұмысымен танысты.

Бірінші вице-премьер Булаев қаласының аудандық орталығында "Булаев астық" ЖШС-қа барды. Аталған элеватор өткен жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген. Бұл жерде астық сақтау, механикаландырылған мұнара, жедел сыйымдылық, автокөліктің бункер тиеуін және бункер қалдықтарын, кептіргіштер, темір жол тұйығын сақтауға арналған үш сыйымдылық салынған.

Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Булаев қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысатын "Булаев қалалық коммуналдық шаруашылығы" МКК-қа барды.

Күннің екінші жартысында Петропавловск қаласында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 2020 жылға дейін арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткен көп пәтерлі тұрғын үйді қарап шықты.

1962 жылы салынған үйде шатыр жабындары, балкондар күрделі жөндеуден өткен, сонымен қатар, жылу автоматикасы және жылу қуатын есептеуіш құралдар орнатылған.

Сонымен қатар, бірінші вице-премьер қаладағы күрделі жөндеуді қажет ететін автожол көпірін қарап шықты.

Одан кейін Бақытжан Сағынтаев "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы бойынша жас жанұялар мен әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарға арналған монопәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатқан "Береке" деген жаңа шағын ауданға барды.

Бірінші вице-премьер сонымен қатар Петропавловск қаласында жүк вагондарын шығарытын "ЗИКСТО" АҚ жұмысымен танысып, одан кейін ЖЭО-2 барды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Петропавловск қаласының су торабын қарап шығып, облыстағы тасқынға қарсы іс-шаралар ұйымымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірнеше мәселелер, оның ішінде өңірдегі көктемгі-дала жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі және "Ақ бұлақ" бағдарламасының іске асыру барысы қаралды. Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдігіне көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуді бақылауға алу бойынша шаралар қабылдауды және көктемгі егісті жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы өнiмін өндiрушi материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуді тапсырды. Бірінші вице-премьер облыс ауылдық жерлердегі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын қатаң қадағалау керек екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны