30.06.2008, 17:54 7752

Бірқатар ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан әлемдегі ең сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан елдердің санатына қосылды

Бірқатар ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан әлемдегі ең сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан елдердің санатына қосылды

Душанбе. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бірқатар ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан әлемдегі ең сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан елдердің санатына қосылды. Халықаралық Transparency International бейресми ұйымы таныстырған "Сыбайлас жемқорлық барометрі" атты жыл сайынғы баяндамада осындай қорытынды келтірілген, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, "Ресейдегі сыбайлас жемқорлық индексі 10 баллдық шкалада 2,3 пунктке ие болды. Ондағы 10 ең жақсы көрсеткішке саналады, ел ең жоғары рейтингте деген сөз. Беларусь, Изербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан рейтингі - 2,1 пунктке, Түрікменстан - 2,0 пунктке ие болған".

Илемдегі ең сыбайлас жемқорлық жайлаған елдердің санатында Мьянма, Сомали, Ирак, Гаити және Өзбекстан бар. Ал инвесторлардың сенім рейтингі ең жоғары елдер - Дания, Финляндия, Нидерланды, Швейцария, Канада мен Норвегияда сыбайлас жемқорлық пен жең ұшынан жалғасу деген өте сирек кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны