11.04.2016, 18:06 3913

Бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде қазақстандық әскери қызметшілер өзара іс-қимыл деӊгейін арттырды

Қарулы Күштерде ҚР ҚК Құрлық әскерлері 21450 және 82796 әскери бөлімдері әскери қызметшілерініӊ жоспарлы бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Оған 2 500-ге жуық әскери қызметші және шамамен 700 бірлік техника тартылды

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қарулы Күштерде ҚР ҚК Құрлық әскерлері 21450 және 82796 әскери бөлімдері әскери қызметшілерініӊ жоспарлы бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Оған 2 500-ге жуық әскери қызметші және шамамен 700 бірлік техника тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу жоспарына жоғары қолбасшылықпен тосыннан түзетулер енгізіліп, ұдайы орналасу орнынан 700 шақырым қашықтыққа шамалы зерделенген бағдарлар бойынша әскерлердіӊ қозғалысы бойынша тапсырмалар берілді. Автомобильді техниканыӊ жүргізушілері мерзімді қызметтегі сарбаздар болғанына қарамастан, артиллериялық дивизион жүктелген тапсырманы жақсы орындап шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Оқу-жаттығу барысында тактикалық тұрғыда үйренушілердіӊ дағдысын арттыруға және барлық жоспарланған іс-шараларды өткізуге қол жеткіздік. 82796 әскери бөлімі жеке құрамыныӊ жұмыс нәтижелері жақсы жағынан атап өтілді. Іс-қимылдардыӊ үйлесімділігі мен дәлдігі, оқу нысаналарын жою дәрежесі тұрғысында 21450 әскери бөлімініӊ жеке құрамы берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.

Сонымен бірге, оқу-жаттығу басшылығы 21450 әскери бөлімі қолбасшылығыныӊ "батальон - рота" буыны офицерлерініӊ оқытылу деӊгейіне назар аударды. Осыған байланысты, офицерлер құрамыныӊ білімін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

"Оқу-жаттығу бекітілген ниетке сәйкес өткізілді. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткіздік, бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде әскери басқару органдарыныӊ әзірлігі мен қабілеттілігініӊ, өзара іс-қимылы мен далалық машығыныӊ деӊгейі артты. Искери қызметшілердіӊ кәсіби дайындығы мен олардыӊ өз Отанын қорғауға моральдық-психологиялық әзірлігі артты", - деп "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны