17.12.2020, 17:54 65435

Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын

Индер. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Индербор кентіндегі пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы Бейбіт Ильясов пен "Айналайын" балабақшасының директоры Светлана Жанғалиева тұрғындармен кездесті.

Бейбіт Ильясов партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының туған жер, отбасы құндылығы және коммуналдық қызмет мәселелерін көтерді.

"Кіндік қаным тамған туған жерім Индерді одан әрмен дамыта түсуге, көпшіліктің сенімін ақтауға бар күш-жігеріміді салатын боламын", - деді ол.

Ал Светлана Жанғалиева бүгінде ауданда бөбекжайлардың көбейіп, халықтың жағдайы жақсарып келе жатқанын, патриоттық сезімді, Отансүйгіштікті алдымен отбасынан және балабақшадан бастап дарыту маңыздылығы сынды келелі мәселелерге тоқталды.

"Әрине, қоғамымызда әртүрлі проблемалар да кездеседі. Мысалы, денсаулық саласында вакцина мәселесі де өзекті дер едім. Кезінде вакцина алдық, одан денсаулығымыз жақсармаса жаман болған жоқ едік. Қазір діни ағымдар, түрлі топтардың теріс ықпалымен вакцинадан тайқып шығатындар бар. Ал олардың ұрпақтарының болашағы қалай болмақ. Сондықтан да мұндай өзекті мәселелер менің назарымнан тыс қалмайды", -деді ол.

Тұрғындар арасынан М. Алмашева үміткер С.Жанғалиеваның өз ісіне шебер, ал күнделікті өмірде адал әрі қарапайым, адамгершілігі мол қасиеттерін атап өтті. Ә.Дәулетиярова кентегі жаңа мөлтек аудан - "Шығыстың" жаңа қалыптасқанына қарамастан заманауи үлгідегі бөбекжай мен мектеппен қамтылып, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы шешіліп тұрғындардың игілігін көре бастағанын, мұндай жақсылықтар "Nur Otan" партиясы қозғауымен әрмен қарай жалғаса беретіндігіне сенімді екенін атап өтті. Сондай-ақ Ж.Аюшева, Г.Мырзағалиева да бейбітшілігі мен бірлігі бекем елдің болашағы да жарқын екеніне сенімдерін білдірді.

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Индер қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны