14.01.2015, 22:29 3990

Бірнеше алаяқтық фактісін жасаған азаматшаны ұстау туралы

Алаяқтық фактілерініӊ алдын алу бойынша бағдарламаны жүзеге асру аясында Қарағанды қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімініӊ қызметкерлері кеншілер астанасында бүгінгі күнге дейін 20 зейнеткерді алдап келген алаяқты қолға түсірді.

Қарағанда. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алаяқтық фактілерініӊ алдын алу бойынша бағдарламаны жүзеге асру аясында Қарағанды қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімініӊ қызметкерлері кеншілер астанасында бүгінгі күнге дейін 20 зейнеткерді алдап келген алаяқты қолға түсірді. Криминалдық полиция қызметкерлерініӊ айтуы бойынша алаяқтан жәбір көргендердіӊ саны өсуі мүмкін өйткені ол Қарағанды облысы аумағында қылмыстық ойын жүзеге асырған. Ұзақ уақыт бойы зейнеткерлерді алдап келген алаяқ жастары сексеннен асқан зейнеткерлерге өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған. Осы уақытқа дейін полицияныӊ іздеуінде болып, қарттарды алдап келген алаяқ жаӊа жылдық мерекелерден кейін Қарағанды қаласында ұсталды. Тергеумен анықталғандай азаматша негізінен жалғыз басты зейнеткерлердіӊ үйіне әлеуметтік қызметкер болып келіп, оларды алдастырып, ақшаны қолға түсірген бетте оқиға орнынан ізін суытып отырған. Алаяқтыӊ құрбаны болғандардыӊ бірі қаламыздыӊ 89 жастағы зейнеткері, ол оныӊ үйінен қажетіне жинап қойған жарты миллион теӊгені алаяқтық жолмен жымқырып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта 39 -жастағы азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалып, оныӊ үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тергеу органдары азаматшадан жәбір көрген басқада азаматшаларды іздестіруде. Егер сіз көрсетілген азаматшаны танысаӊыз немесе одан жәбір көрсеӊіз тез арада Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасыныӊ Орталық полиция бөліміне 40-78-44, 40-78-48, 40-78-46, 51-06-91, 51-65-97 немесе 102 телефондарына хабарласуларыӊызға болады. Мекен жайы: Қарағанды қаласы Терешкова көшесі 36 үй.

Қарағанды облысы ішкі істер органы қала тұрғындарына үйлеріӊізге бөтен адамды кіргізер алдында оныӊ толық аты -жөнін, қай жерде қызмет атқаратынын біліп барып кіргізулерін немесе қызмет атқаратын жеріне хабарласып, оныӊ нақты жұмыс істейтінін білгеннен соӊ ғана үйге кіргізулерін сұрайды. Егер сізге келген адам күдік туғызса тез арада 102 телефонына қоӊырау шалыӊыз.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны