02.07.2012, 10:46 2693

Бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан әйел дүниеге бала әкелді

Дәрігерлердің айтуынша, жеті айлық нәресте мен анасының денсаулығы бірқалыпты. Эмма Майнорс есін жиып, босанған кезі есінде болмаса да, ана атанғанына аса қуанышты екенін айтқан.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Англиялық Эмма Майнорс комада жатқан күйінде өмірге бала әкелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қыз бала хиругтардың қатысынсыз дүниеге табиғи жолмен келіпті. 23 жастағы анасымен нәресте 14 күн өткен соң ғана табысты. 14 күн бойы қыз бала ессіз күйде жатты. Дәрігерлердің айтуынша, жеті айлық нәресте мен анасының денсаулығы бірқалыпты. Эмма Майнорс есін жиып, босанған кезі есінде болмаса да, ана атанғанына аса қуанышты екенін айтқан. Ийелдің айтуынша, ол тек іштей күшті қимылдарды ғана сезінген. Colchester General ауруханасының дәрігерлері мұны Эмма Майнорс комада жатып-ақ өз баласының дүниеге келуіне көмектесті деп түсіндірді.

Айта кетейік, Эмма Майнорс өкпе қабынуына ұшырап, комаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, босанған әйелдің тірі қалғаны бірегей жағдай екен. Себебі комаға түскен кезде әйел денесін қозғалта алмайды әрі онысымен өзіне және баласына қауіп төндіретін көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны