16.02.2015, 09:34 4133

Бірнеше облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында барлық көліктер үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында барлық көліктер үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖД хабарлағандай, 16 ақпанда Жамбыл облысында ауа райыныӊ қолайсыздығына (жауын-шашын, көктайғақ) байланысты "Алматы-Екатеринбор" (347-490 км) тас жолыныӊ Бурылтай кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейінгі аумағында барлық көліктер үшін жол қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында да "Алматы-Екатеринбор" (490-637 км) тас жолыныӊ Жамбыл облысы шекарасынан Балқаш қаласына дейінгі бөлігінде; "Қызылорда-Павлодар" (216-424 км) тас жолыныӊ Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" (12-216 км) тасжолыныӊ Қызылода қаласынан Қарағанды облысына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны