05.08.2008, 18:13 3217

Бішкек прокуратурасы АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Бішкек прокуратурасы АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бішкек прокуратурасы АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Үсен Ишімовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы мәселе бойынша АҚШ елшілігі "әскерилердің Қырғызстан аумағында осы ел үкіметінің шақыруымен келгенін, республиканың министрліктері үшін антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізу мақсатын көздейтінін, барлық жабдықтар осы мақсатқа арналғанын және республика басшылығы одан хабардар екенін" жеткізген.

Ал Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия мен Шекара қызметі өз мекемелеріне АҚШ-тан жаттықтырушылар келмегенін мәлімдеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, "Арсенал" атты шұғыл алдын алу шарасының барысында "Ынтымақ" атты жаңа аудандағы Женіш көшесіндегі 66 жастағы Б. Утировқа тиесілі, АҚШ азаматтары жалдап тұратын үйден заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Үйде АҚШ елшілігінде істейтін, дипломатиялық иммунитеті бар бірнеше қызметкері, Қырғызстандағы бір күш құрылымының арнаулы бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнап тренинг өткізуге келген АҚШ-тың 10 әскери қызметкері болған. Қазір бұл адамдардың аты-жөні анықталуда. Бішкек прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны