13.02.2008, 17:57 2743

Бішкекте 2008-2010 жылдарға арналған Ұлттық энергетикалық бағдарлама мәселесі қарастырылуда

Бішкекте 2008-2010 жылдарға арналған Ұлттық энергетикалық бағдарлама мәселесі қарастырылуда

Бішкек. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі үкімет отырысы барысында 2008-2010 жылдарға арналған Ұлттық энергетикалық бағдарлама мәселесі және 2025 жылға дейінгі отын энергетикалық кешендерінің даму стратегиясы қарастырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл құжат 2007 жылдың күзінде үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевтың тұсында қарастырылған болатын. Бірақ құжат толықтыру жіберілді. Өйткені, онда энергетикалық саласының нақты қаржыландыру жолдары көрсетілмеген болатын ",- деді Қырғызстан Республикасының өндіріс, энергетика және отын ресурстары министрлігінің бөлім басшысы Алмазбек Бийбосунов.

Оның сөздері бойынша,Ұлттық энергетикалық бағдарламада жобаларға қаржыны қай жерден алып жұмсауға болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жерде Қамбарата ГЭС, "Бішкекжылужүйесі"ААҚ, "Солтүстікэлектр"ААҚ және астаналық ЖЭО сияқты төрт нысанаға шетелдік инвестиция тарту мәселесі ғана қозғалуда.

"Бағдарламаға энергетика саласы дамуының оптимистік және пессимистік жағдайлары көрсетілген. Жалпы осыған ұқсас бағдарламалардың құжатында бұл жиі қолданылатын тәсіл. Түрлі себептермен, бір нысанның құрылысы аяқталмай қалуы да мүмкін", - деді А. Бийбосунов.

Сонымен қатар, үкіметтің отырысында улы және радиоактивті қалдықтар қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сондай-ақ, үкіметтің 2007 заң жобалық жоспар жұмыстарының орындалу мен ағымдағы жылы дайындалатын заң жобалардың тізімін бекіту жөнінде мәселелер қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны