08.04.2010, 14:27 2817

Бішкекте 3 мыңдай адам парламент ғимаратына шабуыл жасауда

Бішкекте 3 мыңдай адам парламент ғимаратына шабуыл жасауда

Бішкек. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан астанасы - Бішкекте 3 мыңдай адам парламент ғимаратына шабуыл жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шабуылшылар "Бакиев кетсін!" деп айқайлауда.

Олардың алдына уақытша халықтық үкіметтің өкілі Роза Отунбаева шықты, бірақ, шабуылшылар оның сөзіне құлақ аспай, ғимаратқа кіруге тырысуда.

Олардың арасында Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің жақтастары айдап салушылар рөлін атқаруда деген ақпарат та бар. Олар елдің оңтүстігінен елдегі ахуалды одан бетер тұрақсыздандыру үшін келген-міс.

Шабуылшылар кері бұрылып, өртеніп жатқан Үкімет үйінің ғимаратына қарай бет алды. Қазіргі сәтте ғимараттың 7-ші қабатынан өрт көрінуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны