28.05.2008, 18:42 3078

Бішкекте ауа райындағы өзгерістердің Орталық Азия су ресурстарына әсер ету мәселесі талқылануда

Бішкекте ауа райындағы өзгерістердің Орталық Азия су ресурстарына әсер ету мәселесі талқылануда

Душанбе. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте ауа райындағы өзгерістердің Орталық Азияның су ресурстарына әсер ету мәселесі талқылануда, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу кезінде ауа райының өзгеруі Орталық Азияның су ресурстарына әсер ету мәселесі, бассейндер мен трансшекаралық кооперацияларды басқару, су ресурстарын басқару сияқты мәселелер талқыланады.

Конференция аясында пленарлық сессиялар өткізіліп, онда Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан,Өзбекстан өкілдерінің баяндамалары талқыланады. Сондай-ақ, Ауғанстан, Армения, Изербайжан, Грузия, Иран және Түркия сияқты елдер дайындаған материалдардың тұсаукесері қарастырылған. Аймақтық кеңес 2009 жылы Стамбулда өтетін V Илемдік су форумына арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны