15.04.2009, 16:50 3159

Бішкекте депутатты өлтіру оқиғасы бойынша парламенттің үйлестіру кеңесінің шұғыл жиналысы өтті

Бішкекте депутатты өлтіру оқиғасы бойынша парламенттің үйлестіру кеңесінің шұғыл жиналысы өтті

Бішкек. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте бүгін Жогорку кенеш депутаты Санжарбек Кадыралиевті өлтіру оқиғасы бойынша парламенттің үйлестіру кеңесінің шұғыл жиналысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутатты кеше сағат 17..00 шамасында өз үйінің жанында жорамал бойынша Макаров тапаншасынан басынан атып өлтірген болатын. Қылмыскердің фотороботы жасалып, оған іздеу жарияланып, Бішкек пен Чу облысы бойынша "құрықтау" операциясы қолға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны