31.01.2008, 10:06 2826

Бішкекте электр қуатын тұтынуға шектеу қойылды

Бішкекте электр қуатын тұтынуға шектеу қойылды

Бішкек. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте электр қуатын тұтынуға шектеу қойылды. Бұл туралы "Қырғызстанның ұлттық электр желісі" ААҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Шектеу 29-қаңтарда қойылды. Бұл Бішкек қаласының Жылу энергетикалық орталығындағы автотрансформаторларда пайда болған техникалық проблемалармен байланысты іске асырылған.

"Биылғы қыс маусымындағы тұтыну көлемінің ұлғаюы Бішкектің Жылу энергетикалық орталығындағы автотрансформаторларға ұзақ уақыт бойы 31%-ға дейін күштің түсуіне алып келді. Автотрансформаторлардың зақымдалуына алып келуі мүмкін электр орам сымының оқшаулығы соңғы кезде нашарлай бастаған. Біз бұдан да ауыр жағдай туындамас үшін энергожүйенің солтүстік бөлігінде шектеулер енгіздік", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, "Северэлектр" ААҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Қызыл әскер" қосалқы станциясының негізгі кабелінің істен шығуына байланысты астананың батыс бөлігіндегі тұтынушылар электр қуатынсыз қалып отыр. Акционерлік қоғамның кабель қызметі апаттың салдарын жою үстінде. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта астананың 73 жерасты кабелі зақымдалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны