20.04.2010, 15:58 3778

Бішкекте ең ірі зат базары талқандала бастады

Бішкекте бірнеше жүз адам күзет қоршауын бұзып өтіп, Орталық Азия өңіріндегі ең ірі зат базары "Дордойды" талқандай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ұрлық-қарлық қаупіне байланысты "Дордой" базары уақытша жабылды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер бас басқармасындағылар.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бішкекте бірнеше жүз адам күзет қоршауын бұзып өтіп, Орталық Азия өңіріндегі ең ірі зат базары "Дордойды" талқандай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұрлық-қарлық қаупіне байланысты "Дордой" базары уақытша жабылды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер бас басқармасындағылар.

Мекеме қызметкерлерінің мәліметнше, талқандау мен тонаушылықтан қорыққан саудагерлер өз контейнерлерін жауып жатыр. Ал "Дордойдағы" бірқатар сауда орындарының қожайындары жастардан құралған топтардың саудагерлерге тонаушылық мақсатта шабуылдауына қатысты бірнеше оқиға байқалды деп мәлімдеуде.

Сондай-ақ, Lenta.ru ақпаратына сәйкес, дипломатиялық қалашық маңында жер телімдерін тарату және оларды заңдастыруды талап еткен бір топ жастар Бішкек қаласының уақытша мэрі Иса Омуркуловтың көлігін қоршап алған.

Шамамен 800 қаралы шабуылшылар жолды қойтастармен жауып, мэрді өткізбей қойған. И. Омуркулов жиналғандар алдында сөз сөйледі, ал әлгілер болса мэрден әрқайсысына 4 соттықтан жер беруді талап еткен, қала басшысы оларды тыныштандыруға тарысты. Қаланың уақытша әкімі қаланың іргесінде бос жер жоқ екенін айтып, жиналғандарға "Манас" әуежайына таяу жердегі Озерный ауылынан жер алуды ұсынды. Алайда бұл ұсынысқа олар қанағаттанбады.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Омуркулов әйтеуір митинг өтіп жатқан жерден шыға алған.

Бүгін таңертең жер телімдерін басып алушылар Бішкектің оңтүстік және солтүстік шетінде митинг ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін солтүстікте милиция митингіге жиналғандарды қуып таратуға кірісті. Бұған жауап ретінде басқыншылар милиция қызметкерлеріне тас жаудырған. Бұдан кейін қақтығыстар доғарылып, митинг одан әрі жалғасты.

Ал бүгін Қырғызстанның уақытша үкіметінің баспасөз орталығы Ішкі істер министрінің міндетін уақытша атқарушы Болатбек Шерниязовтың отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "РосБизнесКонсалтинг" (РБК).

Баспасөз орталығының хабарлауынша, қазіргі жағдаймен отставкаға қатысты барлық процедура орындалған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны