14.05.2008, 16:15 2704

Бішкекте Құмтор инвесторларының салық төлемеуіне байланысты сот болады

Бішкекте Құмтор инвесторларының салық төлемеуіне байланысты сот болады

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ертең Ыстық-Көл облысының Жетыоғыз ауданындағы Құмтор алтын кенішінің Канадалық инвесторларынан 94 млн 177 мың сом мөлшерінде жер салығын өндіріп алу жөнінде Мемлекеттік салықтар мен төлемдер жөніндегі комитеті басқармасының берген арызы бойынша Бішкектің ауданаралық сотында сот отырысы болады. Бұл туралы агенттік тілшісіне жоғарғы кеңестің вице-спикері, сотта үшінші жақ атынан сөз сөйлейтін Қуанышбек Исабеков хабарлады.

Қ. Исабековтың айтуынша, канадалық Centerra Gold инвесторының еншілес компаниясы (құрамына "Құмтор Голд Компани" кіреді) "Құмтор Оперейтинг Компани", 14 жылдан бері жер салығын төлемей келген. " Бізде алты сотық жер телімі үшін тауығымызды тартып алады, ал бұл жерде алтын шығарып салық төлемейді. Бұл дұрыс емес", - деп атап өтті Қ. Исабеков.

Оның сөздері бойынша "Құмтор Голд Компани" заңсыз алынған лицензиямен үш кен орнында барлау жұмыстарын жүргізіп шикізатты шығаруда. Оңтүстік Батыс, Құмтор алаңы, Сарытор учаскелері 2003 жылдың 31 желтоқсанында Қырғызстан Республикасының экс-премьері Николай Танаев қол қойған №835 қаулысы бойынша тендер өткізілмей компанияға берілді. "Үкімет отырысы өткізілмей, бұл қаулы үш заңсыз келісімді бекітті",-деді вице-спикер.

Қ. Исабеков хабарлағанындай, 1992 жылы орталық учаскелердің аумағында жұмыс істейтін компаниялардың салықтар және төлемдері бойынша бас келісімі жасалды. Жоғарыда аталған үш учаскесі бұл аумақтан басқа жерде орналасқан. Алайда, компания жеңілдіктер берілмеген жерде жеңілдіктермен шикізатты шығарып, жанар- жағар май, химикаттар мен техниканы пайдаланып отыр. Сонымен қатар олар салық инспекциясын жолаттырмайды".

Қырғызстан Республикасының жоғарғы соты 12 мамырда Қ. Исабековтың арызын қанағаттандырып, үш лицензияны және аталған учаскелер бойынша жасалған келісімдерді тоқтатты. Оның айтуы бойынша бұл құжаттар заңда көрсетілген процедуралардан өтпей, Қырғызстан Республикасы парламентінде ратификацияланбады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны