07.12.2007, 16:26 2937

Бішкекте митингтер мен демонстрациялар өткізу ережесі енгізілді

Бішкекте митингтер мен демонстрациялар өткізу ережесі енгізілді

Бішкек. желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бішкектің Иділет басқармасы Бішке қалалық кенешінің (кеңесінің) астанада митингтер мен демонстрациялар өткізудің жаңа ережесін енгізу туралы қаулыны тіреу жөніндегі бұйрық шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық әділет басқармасына сілтеме жасай отырып.

"Қырғыз Республикасының азаматтары мемлекеттік билік органдарын немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарын алдын ала хабардар ете отырып, бейбіт және қарусыз саяси жиындар, митингтер, шерулер, демонстрациялар мен пикеттер өткізуге құқылы",- деп атап көрсетілген құжатта.

Иділет басқармасындағылардың түсіндіруінше, жаңа ережеге сәйкес "іс-шара жүргізу туралы хабарлама акцияны бастаудан кемінде он күн бұрын хат түрінде Бішкек қаласының мэріне немесе астананың аудандық әкімшілігіне беріледі. Хабарлама 3 күн ішінде қарастырылып, одан кейін іс-шараны ұйымдастырушыларға оны жүргізу үшін орын бөлінеді". Қалалық кеңес депутаттарының шешімімен республика астанасында жаппай іс-шара өткізу үшін үш орын белгіленген болатын. Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, акция жүргізілетін жерде шатырлар мен киіз үйлер тігуге, от жағып, тамақ пісіруге рұқсат етілмейді. Қоқыстарды жинау шығындар мен ұйымдастырылған іс-шараларға тікелей байланысты басқа да шығындар іс-шараны ұйымдастырушылардың есебінен қайтарылады.

Иділет басқармасындағылардың айтуынша, "адамның құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік-құқықтық актілер әділет органдарында тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілгеннен кейін ғана күшіне енеді". Естеріңізге сала кетейік,жаппай іс-шара жүргізудің жаңа ережесін қалылық кеңес депутаттары үстіміздегі жылдың 30-қарашасында қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны