11.04.2007, 13:55 2885

Бішкекте оппозицияның митингісіне 5 мыңдай адам жиналды

БІШКЕК. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасы Бішкекте оппозицияның митингісі басталды, оған қатысушылар президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі оқиға орнынан.

Қазір Қырғызстан үкімет үйінің алдындағы алаңда 3-5 мыңдай адам жиналған. Олар "Бакиев кетсін!", деп ұрандатуда. Шараға қатысушылар саны арта түсуде. Олар шараға қарусыз келдік деп сендіруде. Оппозицияның жақтастары мемлекет басшысының өз еркімен қызметтен кетуін және президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді талап етуде.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әзірге шараның барысына араласқан жоқ. Қырғызстан ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, шараның қауіпсіздігін 3 мыңдай адам қамтамасыз етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны