19.04.2007, 14:38 3341

Бішкекте оппозицияның наразылық шеруіне қатысушылар парламентті таратуды талап етуде

БІШКЕК. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Бішкекте шамамен 2 мың наразылық танытушылар Жогорку кенештің (Қырғызстан парламентінің ) таратылуын талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тілшінінің ақпараты бойынша, бүгін оппозицияның шеруі Бішкектің орталық алаңында емес, парламент ғимаратына қарсы жақта басталды. Онда наразылық танытушылар бірнеше киіз үй тігіп , мінбер орнатып қойған. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шеру барысын бақылауда, бірақ оған араласып жатқан жоқ",-дейді тілші.

Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерзімсіз наразылық шеруі Бішкекте 11 сәуірде басталған. Ұйымдастырушылары - "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" және "Реформалар үшін" бірлескен майданы - президенттің тез арада отставкаға кетуін, президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді

және конституциялық реформалар өткізуді талап етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны