02.03.2007, 18:08 11975

Бішкекте өзін өзі өртеген адам көз жұмды

БІШКЕК. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Бішкекте 27-ақпанда Қырғызстанның парламенті ғимаратының алдында өзін өзі өртеген Сабыржан Сабиров көз жұмды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Бішкектіге жарақаттану және ортопедия жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының күйік бөлімшесінен хабарлады.

С. Сабиров 1-наурыз күні кешке көз жұмған. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, ол тірі қалуға мүмкіндік бермейтін қатты жарақат алып, денесінің 90 пайыздан артық бөлігі күйген.

Бұрын хабарлағанымыздай, С. Сабировке алғашқы жәрдемді патрульдік милиционерлер көрсеткен, олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем тобын шақырған. Ол футболка мен іш киімшең ғана болған. Оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болған жоқ. Оқиға болған жерден жай матадан тігілген күртеше, бәтеңке, материалдың өртенген қиқымы, екі көзілдірік, екі полиэтилен дорба және жанармайдың иісі бар 2 литрлік пластик бөтелке тәркіленді.

Қайғылы оқиға туралы хабарламадан кейін еркекті туыстары таныған. Олар, екі жылдай бұрын С. Сабировтың үйіне ұрлық түскендігін хабарлады. Отағасы мен оның екі ұлы қорғану барысында бір ұрыны пышақтап алған. Республиканың құқық қорғау орындары аталмыш дерекке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Содан бері С.Сабировтың үлкен ұлы Бішкектің тергеу изоляторында қамауда отыр. Отағасы бірнеше рет пикет ұйымдастырып, істі әділ қарауды талап еткен.

Оның өзін өзі өртеу оқиғасынаан кейін аталмыш істі қарауға Қырғызстан Республикасы президентінің жанындағы адам құқығы жөніндегі комитет өкілдері араласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны