07.04.2010, 12:45 1747

Бішкекте тәртіпсіздіктер басталды

Бішкекте тәртіпсіздіктер басталды

Бішкек. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Бішкекте тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қырғызстан парламентінің отырысында сөз сөйлеген Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов хабарлағандай, бүгін Бішкекте медиафорум ғимаратының жанында 200-ге жуық адам жиналды.

Жогорку кенеш депутаттарының мәлімдеуінше, оқиға орнында тәртіпсіздіктер басталды, бір көлік өртелді, митингіге қатысушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында қақтығыстар шықты. Қазір медиафорум ғимаратында депутат Роза Отунбаева басқаратын оппозициялық социал-демократиялық партияның мәжілісі өтуде.

Сондай-ақ, оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, митингіге қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ пайдаланылды, үш көлік өртегіш қоспалардың көмегімен өртелді.

Алайда Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Чуй және Ыстықкөл облыстарында жағдай тыныш деп мәлімдеді. "Изірге Бішкектегі ахуал тұрақты, үкімет "халықтық құрылтай" дегенді өткізуге әзірге рұқсат берген жоқ. Қазір билік жиналғандар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде", - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір Нарын қаласында митинг басталды, оған 3 мыңдай адам қатысуда. Талас қаласында ІІБ ғимаратының жанында 2 мыңдай адам жиналған. Чуй облысының Токмак қаласында кезекті пикет өткізіледі деп жоспарланған.

"Халықтық құрылтай деген желеумен билікті басып алуға талпыныс жасалуда, алайда үкімет елде тәртіп орнату үшін барлық шараны қолданады", - деді Д. Үсенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны