12.04.2007, 18:55 3386

Бішкектегі оппозицияның митингісі патриоттық әндер сайысымен басталды

БІШКЕК. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстан астанасының орталығындағы оппозицияның митингісі патриоттық әндерді ең үздік орындаушылар сайысымен басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысу үшін екі жүзден астам өтініш берілген. Қазір алаңда 1 -3 мыңдай адам жүр.

Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерізімсіз митингісі 11-сәуірде Бішкек орталығында басталған. Митингті ұйымдастырушылар - "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" Біріккен фронты мен "Реформа үшін" қозғалысы - мерізімінен бұрын прзеидент сайлауы мен конституциялық реформа жүргізуді талап етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны