11.09.2020, 17:05 9610

Биылғы жылдың бірінші жартысында алматылық медицина ұйымдары жалпы құны 3,6 млрд теңгеден асатын консультативтік-диагностикалық қызмет түрлерін көрсеткен

Биылғы жылдың бірінші жартысында алматылық медицина ұйымдары жалпы құны 3,6 млрд теңгеден асатын консультативтік-диагностикалық қызмет түрлерін көрсеткен

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы жылдың бірінші жартысында алматылық медицина ұйымдары жалпы құны 3,6 млрд теңгеден асатын консультативтік-диагностикалық қызмет түрлерін көрсеткен. Қызмет ақысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде төленді, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Айтуынша, 2020 жылдың бастапқы алты айында МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін емдеу мекемелеріне 26,4 млрд теңгеден астам қаржы төленген. Қор халыққа көрсетілген қызмет ақысы медициналық көмектің сапасы мен көлемін тексергеннен кейін аударады. Соның ішінде, іс жүзінде халыққа көрсетілген және емдеуге қойылатын тиісті талаптардың орындалғанын растайтын құжаттармен нақтыланған қызметтердің ғана ақысы төленеді.

"МӘМС жүйесі іске қосылғалы бері азаматтар бұрын-соңды өз қалтасынан төлеп келген қызмет түрлерін ақысыз пайдалануға мүмкіндік алды. Мәселен, өткен жарты жылда сақтандыру пакетіне енген диагностикалық қызметтер ішінде КТ/МРТ сынды қызметтерге сұраныстың артқаны байқалады", - деп қосты филиал басшысы.

Сонымен қатар, жыл басынан бері МӘМС пакеті шеңберінде көрсетіле бастаған медициналық реабилитация қызметіне деген сұраныс та артқан. МСҚ қалалық филиалы аталған қызметтер үшін жарты жылда 2,3 млрд теңгеден астам қаржы төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың екінші тоқсанында карантинге байланысты жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызмет түрлеріне шектеу енгізілген болатын. 1-тамыздан бастап жоспарлы ем-дом шаралары қайта қалпына келтірілді. Сондықтан жылдың екінші жартысында МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтер саны едәуір артуы тиіс, дейді мамандар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны