17.12.2017, 18:54 4324

Біз ұлттық спорт түрлерін дамытуға үнемі ерекше назар аударатын боламыз - Б.Байбек

Оӊтүстік астананыӊ "Алматы Арена"" спорт кешенінде өткен халықаралық "Еуразия Барысы - 2017" турнирініӊ жеӊімпазы анықталды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бірінші орынды жеӊіп алған Қазақстан командасына 10 млн. теӊге тапсырды.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік астананыӊ "Алматы Арена"" спорт кешенінде өткен халықаралық "Еуразия Барысы - 2017" турнирініӊ жеӊімпазы анықталды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бірінші орынды жеӊіп алған Қазақстан командасына 10 млн. теӊге тапсырды.

Халықаралық турнирді ашқан Алматы әкімі қалалықтарды еліміздіӊ ұлы мерекесі - Қазақстанныӊ Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

"Тәуелсіздік алған күннен бастап елдіӊ рухын асқақтатуға, ана тіліміз бен ділімізді нығайтуға, елдік сананы шыӊдауға бағытталған істерге аса үлкен мән берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жасампаз саясаты бүгінде ұлт санасын жаӊғыртуды діттеген "Рухани Жаӊғыруға" ұласты. Елбасы айтқандай, Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды. Олай болса, біз ұлттық спорт түрлерін, қазақтыӊ палуандық өнерін дамытуды жан-жақты жалғастыра бермекпіз. Көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлерін жүйелі түрде қолдау - бұл бір жағынан, жаужүрек батырлар тәрбиелеуге, спортшы жастардыӊ танымал болуына, өмірден өз орнын алуына жасалған үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан, әлемдік өркениетке елімізді өз мәдениетімен, өз өнерімен, өз спортымен танытудыӊ құралы", - деді мегаполис басшысы.

Алматы - бүгінгі күні әлем мойындаған спорттық орталық, небір аламан-дода өткізу дәстүріне ие қала, әйгілі саӊлақтардыӊ отаны. Жалпы, Тәуелсіздіктіӊ алтын бесігі - әсем Алматыныӊ осы істердегі орны ерекше. Ірі халықаралық спорттық шаралар, әлем біріншіліктері, басқа да бірегей жобалар алматылықтардыӊ күнделікті тіршілігінде мықтап орын алды. Тек бір ғана "Спорт меніӊ ауламда" жобасыныӊ өзі биыл 6000-нан астам жас спортшыны қамтыды.

Қала әкімі Алматыда екі жыл қатарынан ат спортынан аламан жарыстардыӊ өткенін айтты. Егер өткен жылы оған 200 жуық бәйгешілер қатысса, биыл 600 спортшы бақ сынасты. Ал, халықаралық "Еуразия барысы" турнирі мегаполисте осымен 2-ші рет өтті. Халықаралық сайысқа әлемніӊ 8 елініӊ, яғни Бразилия, Камерун, Грузия, Моӊғолия, Жапония, Өзбекстан, Түркия және Қазақстанныӊ 70-ке жуық палуаны қатысуда.

Турнир олимпиадалық шығып қалу жүйесі бойынша "қабырғадан қабырғаға" форматымен өтті. Ұлттық командалар құрамында танымал пауландар болды. Финалда Алматы қаласыныӊ палуандары мен Қазақстан командасы кездесіп, табан тірескен күрес барысында ұпай саны бойынша Қазақстан командасы бірінші орынды жеӊіп алды.

Илем Кубогініӊ жалпы жүлделік қоры - 20 млн. теӊге. Бірінші орын жүлдесі - 10 млн. теӊге, екінші орынға көтерілген Алматы қаласыныӊ командасы 6 млн. теӊгені, үшінші орынды еншілеген Өзбекстан командасы 4 млн.теӊгені ұтып алды.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуы бойынша жарысты 120 млн. көрермен "Қазақстан", "KAZSport", Түркияныӊ "TRTAvaz", Ресейдіӊ "Матч планета" телеарналары арқылы тікелей трансляциядан көрген. Халықаралық турнирге жиналған көрермендер алдында Мәдина Сәдуақасова, "Салтанат" би ансамблі, "Қобыз сарыны", "Хазар" этно- фольклорлық ансамбльдері, "Жiгіттер" квартеті өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны