23.03.2020, 22:48 3781

#Bizbirgemiz: Танымал аспаз азаматтарға тегін шеберлік сабағын өткізеді

Республикадағы төтенше жағдайдың жариялануына және екі үлкен қалада карантин енгізілуіне байланысты, аспаз өз оқырмандары үшін тегін онлайн шеберлік сабақтарын өткізеді.

Алматы. 23 наурыз. Kazakhstan Today - #Bizbirgemiz акциясы республика көлемінде қолдау табуда. Акцияға Қазақстандағы үздік 10 аспаздың бірі Индира Жақыпова да қосылды. Аспаз Наурыз мейрамы қарсаңында халық арасында кең таралған ас мәзірлері мен түрлі тағамдарды жасаудың қыр-сырларын қыз-келіншектерге тегін үйрететін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Республикадағы төтенше жағдайдың жариялануына және екі үлкен қалада карантин енгізілуіне байланысты, аспаз өз оқырмандары үшін тегін онлайн шеберлік сабақтарын өткізеді.

Индира Жақыпова халық арасында кең таралған түрлі тағамдарды дайындау құпияларымен бөлісуге әзір. Бас аспаз Қазақстан халқын бірлікке шақыра отырып, қазақстандықтарға пайдалы болатын дағдылар мен біліммен бөлісу үшін түрлі саладағы мамандарға челленджді жолдады.

"Құрметті, қазақстандықтар! Еліміздегі қазіргі қиын жағдайға байланысты барлығымызға тірлігіміз бен бірлігіміздің бір екенін көрсететін уақыт келгенін айтқым келеді. Республика көлемінде жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы карантинге байланысты өзімнің барлық шеберлік сабақтарымды тегін өткізуге шешім қабылдадым. Үздік тағамдар мен ас мәзірлерінің рецептерін онлайн сабақтарымда бөлісетін боламын. Барлық әріптестерім мен достарымды, спортшылар мен мұғалімдерді #Бізбіргеміз челленджіне қатысуға шақырамын", - деді ол.

Аспаздың айтуынша, тамақ әзірлеу курстары онлайн режимде күніге кешкі уақытта @astana_povar Instagram парақшасында өтеді. Айта кетсек, ел үшін қиын кезеңде көптеген қоғам қайраткерлері, мәденет саласының өкілдері, спортшылар мен блогерлер қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, тегін онлайн курстар, әндер мен мотивациялық посттарды жариялап жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны