23.05.2018, 18:42 5902

Біздіӊ балаларымыз қазақ тілінде сөйлесе және оған құрметпен қарайтын болса, біз қоғамға деген ортақ міндетімізді орындадық деп есептеуге болады - Қайрат Шаяхметов

"Бұл, әрине, Қазақстаннан тыс жерде тұратын жас ұрпақты ана тілін үйреніп, фильмдерді қазақ тілінде көруге ынталандырады.Біз қазақ тілді контентке қол жеткізуді жеӊілдету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Біздіӊ ана тілімізде фильмдер мен мультфильмдерді көруге мүмкіндігіміз бар және қазақ тіліндегі контентті әлемніӊ кез келген жерінен және кез-келген құрлығында көруге қол жеткізу - мақсатымыз",- деді Артем Егоренков.

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждаумен айналысатын "Болашақ" Корпоративтік Қорыныӊ "Өзіӊнен баста" жобасына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Брифингте ҚР Парламентініӊ Мәжіліс депутаты, "Болашақ" Ассоциациясы Кеӊесініӊ Төрағасы Бахтияр Макен, "Болашақ" Корпоративтік Қорыныӊ директоры және "Болашақ" Ассоциациясы Кеӊесініӊ мүшесі Динара Чайжунусова, Меломан компаниясыныӊ бас директоры Вадим Голенко, сонымен қатар, Ivi.ru онлайн-кинотеатрыныӊ халықаралық даму бойынша директоры Артем Егоренков және BI Development компаниясыныӊ қаржы басқармасыныӊ төрағасы Кайрат Шаяхметов қатысты.

Брифинг барысында 2011 жылдан бері "Болашақ" Ассоциациясыныӊ Корпоративтік Қорыныӊ "Өзіӊнен баста" жобасы аясында 23 голливудтық кинокартина қазақ тіліне дубляждалғаны туралы айтылды.

"Киноиндустрияныӊ идеологиялық потенциалын ескерсек, дубляждалған фильмдер - миллиондаған көрермендердіӊ қоғамдық пікірін қалыптастырудағы пайдалы құрал және еліміздіӊ өскелеӊ ұрпағы үшін ана тілін үйренуде тамаша көмекші екендігін дөп басып айтуға болады",- деп ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Бахтияр Макен атап өтті.

"Болашақ" Корпоративтік Қорыныӊ директоры Динары Чайжунусованыӊ айтуы бойынша, осы жылы жас көрермендерге арналған қазақ тіліне дубляждалған төрт фильмніӊ премьерасы дайындалуда. Атап айтқанда, 14 маусымда "Суперсемейка 2"/"Суперотбасы 2", 12 шілдеде "Монстры на каникулах"/"Монстрлар демалыста 3" анимациялық фильмдерініӊ тұсаукесері өткізілмек. Сонымен қатар, 2 қарашада "Щелкунчик и четыре королевства" фильмі және 22 қарашада "Ральф против Интернета"/"Ральф Интернетке қарсы"анимациялық фильмі көрермендерге жол тарпақ. Осылайша, Адам Сендлер және Сэмуэль Л. Джексон секілді танымал Голливудтық актерлердіӊ кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейтін болады.

"Қазіргі уақытта кинотеатрларда қазақ тілінде дубляждалған фильмдерді прокатқа шығару аудитория үшін ыӊғайсыз уақытта жүзеге асырылады. Осыған орай, "Болашақ" Корпоративтік Қоры кино және теледидар өнеркәсібінде қазақ тілін қолдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі, оныӊ ішінде салалық субъектілер үшін салық жеӊілдіктері де қарастырылған",- деп "Болашақ" Корпоративтік Қорыныӊ директоры Динара Чайжунусова баса айтты.

Сондай-ақ, шара барысында "Болашақ" Корпоративтік Қорыныӊ Ivi.ru онлайн-кинотеатрымен ынтымақтастығы жайлы белгілі болды. Атап айтқанда, жоба аясында дубляждалған барлық фильмдер Ivi.ru онлайн-кинотеатрында қол жетімді болмақ. Сонымен қатар, брифингке қатысушылар ынтымақтастық аясында көптеген танымал фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жоспарда барын атап өтті.

Іс - шара барысында қазақ тіліндегі фильмдер тек Қазақстан тұрғындарына ғана емес, басқа да елдерде де қол жетімді болады.

"Бұл, әрине, Қазақстаннан тыс жерде тұратын жас ұрпақты ана тілін үйреніп, фильмдерді қазақ тілінде көруге ынталандырады. Біз қазақ тілді контентке қол жеткізуді жеӊілдету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Біздіӊ ана тілімізде фильмдер мен мультфильмдерді көруге мүмкіндігіміз бар және "Болашақ" КҚ-мен бірге қазақ тіліндегі контентті әлемніӊ кез келген жерінен және кез-келген құрлығында көруге қол жеткізу - мақсатымыз" - деп Ivi.ru онлайн-кинотеатрыныӊ халқаралық дамыту директоры Артем Егоренков атап өтті.

Жоба ұйымдастырушылары, жобаныӊ отандық бизнестіӊ ірі өкілдерініӊ қолдауымен жүзеге асырылғанын айқындады. Мәселен, BI Group компаниясыныӊ қолдауымен "Суперотбасы 2" және "Монстрлар демалыста 3" картиналары қазақ тіліне дубляждалды.

"Тіл арқылы өз ана тілін білетін бала халқыныӊ рухын сіӊіреді. Біздіӊ балаларымыз қазақ тілінде сөйлесе және оған құрметпен қарайтын болса, біз қоғамға деген ортақ міндетімізді орындадық деп есептеуге болады" - деп BI Development компаниясыныӊ қаржы басқармасыныӊ төрағасы Қайрат Шаяхметов сөзін аяқтады.

Анықтама үшін: 2011 жылы "Болашақ" Ассоциациясыныӊ құрметті мүшесі, "Болашақ" КҚ Төрағасы Бауыржан Байбектіӊ бастамасымен голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляж жасау жобасы басталды. Жобаныӊ 7 жылдық ғұмырында Корпоративтік қор қазақ тіліне 23 голливудтық кинокартинаны дубляждады. "Өзіӊнен баста" жобасы аясында қазақ тілі 2-ші түркі тілдес тіл, Sony Pictures-те 7 тіл, Walt Disney- де 39 тіл және голливуд фильмдерініӊ DVD, Blu-Ray, iTunes және бүкіл әлемдік онлайн-кинотеатрларда көруге қол жетімді бастапқы 7-ші тілі болып енді. Жобаныӊ арқасында қазіргі таӊда Қазақстанда екі лицензияланған дубляж студисы бар - "Cinematone" Алматы қаласында және "Арай Медиа Груп" Астана қаласында. 200 жуық шығармашылық және техникалық маман иелері "Disney" студиясыныӊ стандартымен фильм дубляждауда дәріс алды, 100 аса қазақстандық актерлер "Disney" студиясыныӊ дыбыстау базасына тіркелді.Алғаш рет әлемдік кино жұлдыздары Уилл Смит, Джонни Депп, Анджелина Джоли қазақ тілінде сөйледі, жоба аясында Голливуд жұлдыздарын дыбыстауға эксклюзивті құқыққа ие болдық.

Жоба Елбасыныӊ жоғары бағасын алды, "Рухани Жаӊғыру" Қоғамдық Сананы Жаӊғырту Бағдарламасын іске асыруға іс жүзінде үлес қосып, халықаралық аренада қазақ тілініӊ имиджін насихаттауға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны