09.02.2012, 12:01 4753

Бизнеске нақты салық ауыртпалығы, жең ұшынан жалғасатын соманың құрамдасы, ресми мөлшерлемеден 10-12 пайыздан асып кетеді

"Бизнеске нақты салық ауыртпалығы, жең ұшынан жалғасатын соманың құрамдасы, ресми мөлшерлемеден 10-12% асып кетеді". БҰл туралы кеше Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Салық комитеті өкілдерінің Қазақстанда "салық ауыртпалығының теңдессіз төмендігі туралы" мәлімдемесіне жауап қайтарып, мәлімдеме жасады.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Бизнеске нақты салық ауыртпалығы, жең ұшынан жалғасатын соманың құрамдасы, ресми мөлшерлемеден 10-12 пайыздан асып кетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Бизнеске нақты салық ауыртпалығы, жең ұшынан жалғасатын соманың құрамдасы, ресми мөлшерлемеден 10-12% асып кетеді". БҰл туралы кеше Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Салық комитеті өкілдерінің Қазақстанда "салық ауыртпалығының теңдессіз төмендігі туралы" мәлімдемесіне жауап қайтарып, мәлімдеме жасады.

"Кез келген жоба бойынша тендерлердің "жең ұшынан жалғасатын" сыбайлас жемқорлық құрамдасының мөлшерлемесі 20% болатыны ешкімге құпия емес екенін кәсіпкерлер растап отыр. Бұл үрдіс тіпті ресми сипат алып бара жатыр: мысалы, БАҚ-тар Оңтүстік Қазақстан облысында барлық қатысушыларды алдын ала, егер компания тендерде жеңген жағдайда 10 және одан да көп пайызын жергілікті әкімдер жанындағы бюджеттен тыс қорға аударатындығы туралы "меморандум" дегенге қол қоюға мәжбүрлейтінін хабарлап жүр. Бұл нағыз үстеме салық салудың өзі емес пе?"- деп атап көрсетті "Ақ жол" партиясының төрағасы.

"Егер ҚҚС-ның (қосылған құн салығы) ресми мөлшерлемесіне осы 10-20% жасырын сыбайлас жемқорлық салығын қоссақ, Қазақстандағы "салық жұмағы" туралы қиялдың бәрі қас қағымда жоғалады" - деп түйіндеді Азат Перуашев.

Бұл пікірсайыс Қазақстан Құрылысшылар одағы ұйымдастырған шағын және орта бизнеске салық салу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелде болды. Онда, атап айтқанда, Салық комитетінің өкілдері салық тек қосылған құнға салынатындықтан кәсіпкерлердің ҚҚС айналымнан алынатын салыққа айналды деген уәжімен келіспеді.

Азат Перуашев, мұндай жағдайда, төленген ҚҚС-дан кәсіпкерлерге есепке жазу бөлігі бойынша қандай сома қайтарылғандығын хабарлауды сұрады, салықшылар бұған жауап қайтаруға қиналды.

"Бұған сіздердің жауаптарыңыз жоқ, өйткені ҚҚС-ның есепке жазу бөлігі бұрынғысынша қайтарылмайды, салықтың бұл түрі бойынша салынған салық мәміленің барлық сомасынан кетеді, бұл оны қосылған құннан емес, айналымнан алынатын салыққа айналдырады. Сіздер, әрине, қараны ақ дейсіздер, бірақ ол одан ағармайды" - деп атап көрсетті "Ақ жол" партиясынан сайланған депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны