17.01.2012, 13:51 3467

"Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша 15,6 мың адам арнайы оқудан өтті

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының төртінші бағыты аясында 2011 жылы "Бизнес-кеңесші" жобасымен қатар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау қолға алынған.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша 15,6 мың адам арнайы оқудан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының төртінші бағыты аясында 2011 жылы "Бизнес-кеңесші" жобасымен қатар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау қолға алынған.

"2011 жылы аталмыш жоба бойынша 15 645 адам оқудан өтті. "Бизнес-кеңесші" жобасы жеке ісін ашу, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, қаржы және салық салу істері бойынша адамдарды оқудан өткізуді көздейді", - делінген қордың хабарламасында.

Жобаға қатысушылардың басым бөлігі, яғни 2387 адам Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып табылады, бағдарламаға қатысқан басқа 1792 адам Алматы облысында, 1418 адам Алматы қаласында, 1287 адам Қарағанды облысында тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны