09.12.2012, 13:20 3255

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы ОҚО-да кәсіпкерліктің өркендеуіне зор ықпал етуде

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерліктің өркендеуіне зор ықпал етіп, ол өз кезегінде өңірдің қазынасына түсетін салықтың көлемін арттырды, деп хабарлайды сaspionet.kz.

Шымкент. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы ОҚО-да кәсіпкерліктің өркендеуіне зор ықпал етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерліктің өркендеуіне зор ықпал етіп, ол өз кезегінде өңірдің қазынасына түсетін салықтың көлемін арттырды, деп хабарлайды сaspionet.kz.

Мемлекеттен қаржылай көмек көрген құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар бұйымдарын көрші мемлекеттерге шығара бастады. Ал көлік компаниялары Кедендік Одақ көлемінде жүк тасуды ұйымдастырыпты. Шымкенттің іргесіндегі аумағы 337 гектар жерде индустриалды аймақ құрылған. Кәсіпорын жұмыс істеуі үшін керекті бар инфрақұрылым "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жаңа кәсіпті бастағыңыз келсе, қаржылай көмек те көрсетіледі.

Шымкенттегі Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын жұмысын нарықты зерттеуден бастапты. Келесі жылдан бастап тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүргізіледі. Оған керекті материалдар сапалы, әрі арзан болуы тиіс. "Строй юг групп" компаниясы инвестиция тартып, оған шетелдік озық технологияны алып келіпті. Өнімдері бүгінгі нарықта барынан 20 пайыз арзан, ал зауыттың өнімділігі әлдеқайда жоғары.

Оған "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының ықпалы болған. Несиенің пайызын субсидиялауға 50 млн теңге бөлініпті. Қазір зауыт өнімдерін шетелге де шығара бастапты. Ал бағдарлама бойынша қаржылай көмек алған көлік компаниясы көрші мемлекеттердің жүгін Кеден одағы аумағында тасымалдаумен шұғылданып келеді. Көрсеткен қызметі үшін төлемдері біздің елде қалады.

Ертең "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолы пайдалануға берілген кезде бұл компания шетелдік әріптестерімен бәсекелесе алатын болады. Оған керекті жағдай бүгін жасалып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны