20.05.2013, 15:28 3513

БҚА тұрғын үйлердің бағасын төмендету мүмкіндігін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуде

"Агенттік басқа да мемлекеттік органдармен бірге тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуін зерттеу және оның мүмкіндігі бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта агенттік цемент нарығы бойынша талдау жүргізді. Цемент жеткізушілер болып табылатын доминанттар анықталған, қазіргі уақытта олар мемлекеттік тізілімге енгізілген және олар негізсіз бағаны арттырмау үшін сол бойынша баға мониторингі жүргізілуде", - деді Б.Қуандықов.

Астана. 20-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда құрылыс материалдарына және логистикаға бағаның өсуін талдау арқылы тұрғын үй нарығында бағаның төмендеу мүмкіндігін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

"Агенттік басқа да мемлекеттік органдармен бірге тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуін зерттеу және оның мүмкіндігі бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта агенттік цемент нарығы бойынша талдау жүргізді. Цемент жеткізушілер болып табылатын доминанттар анықталған, қазіргі уақытта олар мемлекеттік тізілімге енгізілген және олар негізсіз бағаны арттырмау үшін сол бойынша баға мониторингі жүргізілуде", - деді Б.Қуандықов.

Сонымен қатар, ол егер қандай да бір комбинат бағаны арттырғысы келсе, ол келісіліп, яғни бағалардың өсуін түсіндіру қажет.

Айта кету керек, осындай талдаулар мен шешімдер металл қақтау, кесілген ағаш дайындамалары және басқа да құрылыс материалдары бойынша қабылданады.

Онымен бірге, логистикалық шығындар мен компаниялардың өздерінің өзіндік құнына қосылатын шығындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны