10.07.2018, 18:05 4965

БҚО: депутаттар арнайы мамандандырылған ХҚКО-ныӊ жұмысымен танысты

Ағымдағы жылдыӊ 31 мамырында ашылған ХҚКО күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көрсетіп, айына 8 мыӊға жуық өтініштерді қабылдайды.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ жұмысымен танысты.

Ағымдағы жылдыӊ 31 мамырында ашылған ХҚКО күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көрсетіп, айына 8 мыӊға жуық өтініштерді қабылдайды.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева орталықтыӊ жұмысына жоғары бағасын беріп:

"Парламенттіӊ кезекті сессиясыныӊ қорытындылары бойынша біздер тұрғындармен Парламент жұмысымен және де Мемлекет басшысыныӊ бастамаларыныӊ қалайша жүзеге асырылып жатқандығын жеткізу мақсатында кездесулер өткізудеміз. Осы жұмыс аясында бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралап шықтық. Аталмыш орталықтыӊ жұмысы көӊілден шықты. Бұл Қазақстанда еӊ жаӊа әрі халыққа қызмет көрсету орталықтардыӊ үздігі деп айтуға болады. Іші өте кеӊ, халыққа барлық жағдай жасалған, қызмет көрсетудіӊ барлық түрлері бар, соныӊ ішінде, электрондық қызмет барлық жерде көрсетіліп стандарттарға сай жұмыс істеуде", - деді.

Депутаттар кездесу барысында Парламенттіӊ заӊ шығарушылық жұмысымен және Мемлекет басшысыныӊ әлеуметтік бастамаларыныӊ жүзеге асырылу барысы туралы айтып, арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына оӊ бағасын берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны