08.02.2016, 12:55 3111

БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі "ізін суытпай" екі қылмыстыӊ бетін ашты

Батыс Қазақстан облысы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері бүгінгі күні облыс аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және оныӊ алдын алу бойынша белсенді жұмыстар атқаруда

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері бүгінгі күні облыс аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және оныӊ алдын алу бойынша белсенді жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жуырда Жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаныӊ "ізін суытпай" екі ауыр қылмыстыӊ бетін ашты.

Сағат түнгі бір жарым шамасында Орал қаласында белгісіз екеу Сарайшық көшесі бойындағы 55-үйдіӊ жанында кәмелетке толмаған жасөспірімніӊ "Самсунг-Нот-3" маркілі ұялы телефонын қолды қылған. Ал 40 минуттан соӊ "102" операторына "Ж.Молдағалиев көшесі бойында 31-үйдіӊ қасында белгісіз біреу ашық түрде 1978 ж.т. "А" есімді азаматшаныӊ "Самсунг-Нот-3" телефонын ұрлап әкеткен" деген хабарлама келіп түседі.

Бағыт-бағдарды қолға алған Орал қалалық Жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полиция қызметкерлері жасағы аяқ киім ізініӊ сипатымен бірінші оқиға орын алған жерден екінші қылмыс орнына дейін келіп жетіп, "Каменный" кешенінде жасырынып отырған 1986 және 1993 ж.т. екі жігітті құрықтап, қолға түсіреді. Оларды тінтіп, тексеру кезінде ұрланған заттар қалталарынан табылады.

Айта кету керек, болған оқиғаныӊ "ізін суытпай" ашуға себеп болған жағдайдыӊ бірі - жәбірленушініӊ "102" нөміріне жедел түрде хабарласуы. Бұл Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік сақшыларыныӊ күдіктілерді дереу анықтап, уақтылы ұстауға мүмкіндік берді.

Ұсталған азаматтар ҚР ҚК-ніӊ 191-бабы 2-бөліміне сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны