25.12.2013, 21:28 3926

БҚО-да "Автобус" жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды

18-20 желтоқсан аралығында БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Автобус" жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan today БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. 18-20 желтоқсан аралығында БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Автобус" жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan today БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық көлемде қолға алынған шара барысында Орал қаласы мен облыс жолдарындағы қоғамдық көліктер тексеріліп, олардың қатысуымен жол оқиғаларын болдырмау бағытында алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бұл күндері негізгі күш те қаладағы, сондай-ақ аудан және облысаралық бағыттарда қатынайтын автобус жүргізушілерін тексеруге жұмылдырылды.

Икімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қала ішіндегі және де қала сыртына қатынайтын автобус жүргізушілерінің құжаттарын, көліктің арнайы техникалық паспортын, жолаушылар тасымалдауға рұқсат қағазын, сонымен қатар жолдамаларының болуын және де жүргізушінің аталған бағыттағы маршрутта қызметінің заңдылығын жіті тексерді. Икімшілік полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында құжаттарды тексеріп қана қоймай, көлік жүргізушілердің жол ережесін қаншалықты сақтайтынына да аса мән берді.

Полиция қызметкерлері алдымен Орал-Атырау тас жолы бағытындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын бірнеше "Шаран", "УАЗ", "ГАЗель" автокөліктерін тоқтатып тексеру кезінде үш бірдей көліктің жүк және жолаушылар тасмалына қатысты тиісті құжаттарының жоқтығын анықтады.

-Қала ішіндегі жолаушылар тасымалымен айналысатын № 5 маршрут жүргізушісі Манастың айтуы бойынша жүргізушілер арасында ниеттестік жоқ. Олай дейтін себебім жеңіл көлік жүргізушілері көп жағдайда қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол бермейді. Олардың автобус аялдмаларына тым жақын тоқтауының өзі қоғамдық көліктерге кедергісін тигізіп, жолаушылардың қоғамдық көліктерге мініп-түсуіне қолайсыздық туғызады.

-БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтың айтуынша, "Автобус" жедел алдын алу шарасы кезінде 290 жол ережесін бұзушылық анықталса, оның ішінде 53-і жолаушылар автобусын жүргізушілерге тиесілі. Сонымен қатар 20 желтоқсан күні апта сайын өтетін "Жаяу жүргінші" жедел алдын алу шарасы барысында 219 ереже бұзушылық белгілі болса, соның ішінде 33 адамға жолды кесіп өтуге болмайтын жерден өткендігі үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, теңбіл жолақтан жаяуларға жол бермеген 5 жүргізуші анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны