05.09.2018, 19:48 3787

БҚО-да мал ұрлығыныӊ саны тұрақты түрде төмендеп келеді

Тек ағымдағы жылғы қыркүйек айыныӊ 3 күнінде еркін жайылымдардан мал ұрлаудыӊ 6 фактісі тіркелді.

Орал. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - БҚО-да мал ұрлығыныӊ саны тұрақты түрде төмендеп келеді. Қазіргі уақытта мал ұрлығы мәселесі ауылдық жерлерде өзекті болып отыр. Учаскелік полиция инспекторлары тарапынан малдарды ұйымдасып бағу туралы тұрғындар арасында ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Соӊғы жылдары қабылданған шаралардыӊ нәтижесінде мал ұрлығыныӊ саны тұрақты түрде төмендеп келеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 8 ай қорытындысы бойынша мал ұрлығыныӊ саны өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 23,6 пайызға (263-тен 201-ге дейін) төмендеді.

Осындай оӊ жетістіктерге жергілікті атқарушы органдардыӊ көмектесуі нәтижесінде қол жеткіздік. Бүгінгі күнде ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторлары толыққа дерлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді.

Осыған қарамастан тұрғындардыӊ басым бөлігі өз малдарын қараусыз қалдырып, еркін жайылымдардан малдарды ұрлау фактілері жалғасуда.

Тек ағымдағы жылғы қыркүйек айыныӊ 3 күнінде еркін жайылымдардан мал ұрлаудыӊ 6 фактісі тіркелді.

Жоғарыда көрсетілгенніӊ негізінде БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі тұрғындарға малдарды ұйымдасқан түрде бағу қажеттігін және еркін жайылымдардан малдар жоғалған жағдайда ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау керек екендігін хабарлайды. Көптеген жағдайларда азаматтар жоғалған малдарын өз күштерімен іздестіріп, оларды табу мүмкін болмайтынын түсінгеннен кейін, кейбір жағдайларда мал ұрланғаннан кейін 1-2 ай уақыт өткеннен кейін полицияға хабарлайды. БҚО ІІД ЖПҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны