03.06.2015, 19:34 4192

БҚО-да он үш жасар оқушы қос бірдей қызды құтқарды

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері жетінші сынып оқушысыныӊ ерлігін назарсыз қалдырмады. Анасымен бірге жас қаһарманды шақырып, құнды сыйлықты табыстады.

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - 24 мамыр күні алдағы жазғы демалысқа дәмеленіп жетінші сыныпты ойдағыдай тамамдаған Никита Тюкин достарымен бірге өзенге шомылуға жол тартқан болатын. Жасөспірім Шаған өзені жағалауында өсіп, балалық шағынан бері жүзе білетіндіктен,ата-анасынан сұранып көптен күткен жаз мезгілін атап өтуге бағыттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол-жөнекей екі қызды кезедестіреді, сол қыздардыӊ біреуі сыныптасы болатын. Таяудағы дүкенде достарын қалдырып, Никита қыздармен әӊгіме-дүкен құрып, суға шомылуға бағыттады. Өзен ортасына дейін жүзіп барған үздік су жүзгіш артына қарап жаны түршігеді. Қыздардыӊ бірі суға шашалып жатады. Ешбір ойланбастан дос қызына көмек көрсетуге ұмтылады. Қарсы жағаға қызды сүйреп шығып, келесі мәселеге тап болады. Екінші қыз суда тырбындап, айқайлап бастайды.

Батып бара жатқан қызға жеткенде күші таусылған қыз көзге көрінбей кетті. Бала суға сүӊгіп, қалыӊ лай судан бірден қызды таба алмады. Бірнеше нәтижесіз талпыныстардан соӊ аяғымен қыздыӊ жансыз денесін сезеді. Оны ессіз күйдегі жасөспірім қызды басын көтеріп, 20 метрге жуық жерге дейін сүйреп, жағаға тартып шығарады. Сонымен қатар, зардап шеккен қызды аудырып, ішіне жатқызып, оғын жасанды тыныс алдыру жасайды.

"Қызды жағаға сүйреп сүзіп келе жатқанымда, ол көкінбек болған, бірақ теледидардан көргенімді есіме түсіп, оны кеудесіне жұдырықпен ұрдым, содан кейін ол дем алып кетті", - деп жас қаһарман өз әсерлерімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері жетінші сынып оқушысыныӊ ерлігін назарсыз қалдырмады. Анасымен бірге жас қаһарманды шақырып, құнды сыйлықты табыстады.

Азаматтық қорғаныс басқармасыныӊ бастығы З. Бердашев шын ниетімен жас құтқарушыны қысылтаяӊ жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдіріп, кәсіби құтқарушылар даярлайтын Көкшетау техникалық институтына түсуге шақырды. Бала сыпайы күлімсіреп, ойланып көретін айтты.

Баланыӊ анасы Ольга Ивановна баласыныӊ жетістіктерін тамашалап отырды. Шақырылған тілшілердіӊ сұрақтарына әр түрлі сұрақтар қойған кезде ол: "Мен ұлыммен мақтанамын!" - деп жауап берді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментініӊ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны