04.08.2015, 17:57 3515

БҚО-да полицейлер тоқтатқан ер адамныӊ көлігінен 149 киік мүйізі табылды

Аталған автокөлікті тексеру барысында 149 дана ескі киік мүйізі, "Kenwood" рациясы, "Шарк" тапаншасы, 6 дана оқ пен аӊшы пышағы табылып, тәркіленді"

Алматы. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - БҚО-да 149 киік мүйізін тасымалдаған Алматы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Охотзоопром" өндірістік бірлестігініӊ инспекторлары ІІД қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысы аумағында "Isuzu Pesaro" автокөлігін басқарған Алматы қаласыныӊ тұрғынын тоқтатты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Аталған автокөлікті тексеру барысында 149 дана ескі киік мүйізі, "Kenwood" рациясы, "Шарк" тапаншасы, 6 дана оқ пен аӊшы пышағы табылып, тәркіленді", - делінген ҚР АШМ сайтында.

Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны