06.04.2020, 16:49 6346

Блокбекеттерде пара беру сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарлаңыз

Блокбекеттерде пара беру сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарлаңыз

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Елордада, ірі мегаполистерде және Қазақстанның басқа да аймақтарда төтенше жағдай режиміне байланысты карантин және кіру-шығу шектеуі енгізілді.

Бұл режимді қамтамасыз ету үшін қалаларда блокбекеттер жұмыс істейді.

Құрметті азаматтар, уәкілетті қызметкерлерге материалдық сыйақы ұсыну арқылы, блокбекеттерді кесіп өтуге тырыспауға, азаматтық саналылық көрсетіп, карантин шарттарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамға материалдық сыйақы беру сыбайлас жемқорлық қылмысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады.

Егер Сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласу қажеттілігін естеріңізге саламыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны