18.02.2013, 17:03 3057

BMW аккумулятор ақауы себебінен 570 мың автомобильді кері қайтарып алуда

Автомобильді кері қайтарып алуға 2007-2011 жылдары сатылған үшінші сериядағы барлық модельдер қатары жатады. Сондай-ақ қызмет көрсету бағдарламасына 2008-2012 жылдары шығарылған бірінші сериядағы купе мен кабриолеттер және 2009-2011 жылдарда шығарылған спорткар Z4 ілігеді.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - BMW автоконцерні солтүстікамерикалық нарықтан 570 мың автомобильді кері қайтарып алуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Басты себебі аккумулятор клеммасының ақауы болды, оның салдарынан машина әлсін-әлі сөніп қала береді, деп хабарлады РБК.

Автомобильді кері қайтарып алуға 2007-2011 жылдары сатылған үшінші сериядағы барлық модельдер қатары жатады. Сондай-ақ қызмет көрсету бағдарламасына 2008-2012 жылдары шығарылған бірінші сериядағы купе мен кабриолеттер және 2009-2011 жылдарда шығарылған спорткар Z4 ілігеді.

АҚШ көлік қауіпсіздігі бақылауы федералдық қызметінің мамандары пайдалану кезінде аккумулятор клеммосы, сондай-ақ электр сымдарының басқа да элементтері тез істен шығатынын, соның салдарынан двигательді оталдыруда проблемалар пайда болатынын анықтады.

BMW-нан хабарлағандай, компанияға двигательдің бұл проблемасы жол-көлік оқиғасына әкеліп соққаны да белгілі болған. Жұмыстар осы жылғы наурыз айынан бастап барлық ресми техникалық қызмет көрсету стансаларында тегін жүргізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны